Ақтөбе облысында алимент төлемеген 52 адам қамауға алынды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 52 ақтөбелік алиментін төлемегені үшін қамауға алынды.Ақтөбе облыстық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Қайрат Таңқаев жыл басынан бері облыстағы сот орындаушылардың өндірісіне 15 мыңға жуық іс келіп түскенін айтады. Бүгінде оның ішінде 1214 іс қана аяқталған. Статистикаға сүйенсек, бұл - өте аз көрсеткіш. Дегенмен талаптарға сәйкес алимент төлеу балалар кәмелет жасқа толғанға дейін жалғасады. Бүгінде Ақтөбе өңірінде берешегі толық өндірілген немесе бала кәмелетке толған 57 атқарушы іс толық орындалды. Өндіріп алушы азаматтардың арызына сәйкес 958 атқару ісі кері қайтарылды. Ал балаларына алимент төлеуден жалтарған 189 борышкерге іздеу жарияланды, - дейді Қайрат Таңқаев. Оның айтуынша, жыл сайын өңірде алимент төлеуден қашатын борышкерлердің саны артуда. Өкінішке қарай, әр түрлі себептерге байланысты биыл 52 ақтөбелік алиментін төлемегені үшін қамауға алынған. Бүгінде ақтөбеліктердің алименттік төлемдер бойынша қарызының жалпы мөлшері 854 млн теңгеге жеткен. Биыл 131 млн теңгесі ғана өндірілген. Қазіргі таңда алимент өндіруге қатысты атқару істері бойынша Ақтөбе қаласында арнайы кеңседе 15 мамандандырылған сот орындаушы жұмыс істейді. Сондай-ақ облыстағы 12 аудан бір-бірден сот орындаушымен қамтылған. Биыл алимент төлемей жүрген жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облыстық жеке сот орындаушылар палатасы мен «Мансап» іскерлік орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Нәтижесінде 380-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды, - дейді Қайрат Таңқаев. Айта кету керек, бүгінде Ақтөбе облысында 5 мыңнан астам борышкер жұмыссыз жүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды