Ақтөбе облысында топан судан 800-ге жуық баспанаға залал келген. Бүгін арнайы комиссия тасқыннан келген шығынды есептеуді бастады. Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі? Өңірден соңғы ақпараттарды тілшіміз Бакыт Қазанғапқызы жеткізеді. Бекімбаевтар отбасының жеті баласы бар. Жіңішке өзені арнасынан тасығанда баспаналары суға кеткен. Өздері аман шығып үлгерген. Сырым БЕКІМБАЕВ, ТҰРҒЫН: Үйімнің ішіне 80см, 50 см су кірді. Агв, газ плита, бытовой техника бәрі кетті.только документтерді құтқарып алып үлгердім. Басқа ештеңе алынған жоқ. Бибігүл МҰХАМБЕТОВА, ТҰРҒЫН: Он адам тұрамыз. 21 жылы сатып алдық осы үйді. 22 жылы бір жылдан кейін суға кетті. 23 демалдық. 24 жылы қайтадан кетіп отыр. Жеті баламен мектептерде қаңғып жүрміз. Тем более бұл үй кредитте әлі бес жыл төлек керек. Сырость газ жаңбайды. Арғы жағы трещина беріп тұр. Арнайы комиссияға екі сағат ішінде жеті жүзге жуық өтінім түскен. Бүгін комиссия өкілдері сол зардап шеккен үйлерді аралады. Әуелі есебі алынады. Соған сәйкес шығын өтеледі. Жақсат ТӨЛЕГЕНОВ, АСТАНА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрбір үйді бірінші тіркеп аламыз. Соданкейін бағалаушыларға береміз. Бағалаушылар бізден кейін келіп арнайы мамандармен есептеу жұмыстарын жүргізеді. Есептеу аяқталғаннан кейін біз тиісті қаржы сұратып, счеттарына аударатын боламыз. Облыста 757 үйді су басқан. 3700ден астам адам эвакуациялық бекеттерді паналап отыр. Жеті мыңнан астам ірі қара мал қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бір Қобданың өзінде 237 үй су астында қалған. Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Қазыбек Әлішев, Асқар Садықов Қобда ауданына барып, тасқынан зардап шеккендермен кездесіп, тиісті көмек көрсетілетінін айтты. Ойылда жағдай мәз емес. Қаратал, Екпетал, Ақкемер ауылдары бас-аяғы үш жүзден астам үй суға кетті. Асхат ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Әлі де амандық болса жаңа қонысқа бірге кіреміз. Келер жылға қалдырмаймыз. Оны биыл міндетті түрде шешеміз. Әр қадамымызды айтып отырамыз. Жұмыс баяу жүрмейді.Қадағалап отырамыз. Өңірде 41 уақытша эвакуация бекеті бар.Сол бекеттер орналасқан 39 мектеп және екі колледжде сабақ қашықтықтан оқуға көшірілді. Сондай-ақ су басу қаупі бар аумақтардағы 21 білім ошағында да сабақ онлайн өтеді. Судан зардап шеккен жандарға көмек көрсетіліп жатыр. Ақбаян МҰРАТҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қала тұрғындарының алып жатқаны бар. Ойыл ауданынан эвакуация жасалып қалаға келген тұрғындар көмек алып жатыр. Одан бөлек Ойыл және Қобда ауданына камазбен азық-түлік және қажетті заттардың барлығы апарылды. Айта кетейік, эвакуацияланғандардың арасында Ырғыз ауданы Нұра ауылының тұрғыны егіз сәбиді дүниеге әкелді. Жас ананы Нұра ауылының дәрігері аман есен босандырып алған. Ана мен бала Ырғыз орталық ауруханасына тікұшақпен жеткізілді.