Ақтөбе облысында бөгеттің жарылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында Әйтеке би ауданындағы бөгеттің жырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Щербаковское» бөгеті су тасқынына шыдас бермей 30 наурызда бұзылды. Ырғыз өзені арнасынан асып Темірбек Жүргенев ауылына су кірді. 78 тұрғын үйді су басып, он үй қирады. Ауылдан мыңға жуық адам эвакуацияланды. Бұл бөгет былтыр жөндеуден өткен. Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасына тиесілі. Жөндеу жұмыстарынан кейін нысанды осы мекеме қабылдап алған көрінеді.Өркен ЕЩАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:Әйтеке би ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігімен (салғырттық) қылмыстық істі тіркеу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта, тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру үшін қылмыстық іс, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды. Қазір өңірде тасқынның салдарымен күрес шаралары жүуде. Арнайы комиссия келген шығынды есептеп жатыр. Эвакуациялық бекеттерде екі мың адам бар. Ал 2 мыңнан астам адам өз туыстарының үйіне орналасқан. Алматыдан көмекке келген Республикалық жедел құтқару жасағы өңірде жұмысын аяқтап, Батыс Қазақстан облысына аттанды. Олар Ойыл ауданындағы Қаратал ауылы тұрғындарын эвакуациялауға жәрдемдескен болатын. Облыс төңірегіндегі өзен -көлдерге кезекшілік қойылып, су деңгейі жіті бақылауға алынған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі Мәжіліс депутаттарының бақылауында
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
“Олимпиада чемпионы атаныңыздар!“ Тоқаев жас спортшылармен кездесті
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты