Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, дельтплан "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі болған, ол өндірістік жұмыстарды орындау үшін әуеге көтерілген.Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды."Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға авиациялық оқиға ретінде қаралады",- деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.