Самара - Шымкент тас жолының бойындағы Өлке ауылының маңында LADA Largus және Toyota Estima көліктері соқтығысты. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты 13 наурызда болған.Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін екі көліктің де жүргізушісі 12 және 13 наурызда әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды."13 наурызда Самара – Шымкент тас жолында LADA Largus және Toyota Estima көліктері соқтығысты, салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен алты жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды", - делінген Ақтөбе облысының полициясы таратқан хабарламада.