Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы локомотивпен соғылып рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгін 5 наурыз күні сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір т/ж станциясында алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соғылған. Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді», - делінген департамент хабарламасында. Алдын ала мәлімет бойынша релістен шығып кеткен пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Жолаушылар зардап шекпеген, олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды. Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Оқиғаның себебі анықталуда. Еске салсақ, дәл осы Шалқар ауданында кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылды. Салдарынан бір қыз оқиға орнында қаза болып, ал төртеуі ауруханаға түсті. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілді. Ол ашық бас-ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Дәрігер жағдайы өте ауыр деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
“Астана Опера“ 2024 жылды зор жетістіктермен қорытындылады
Желіде апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің әңгімесі тарады
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды