Ақтөбе облысында қарғын су тұрғын үйлер мен аулаларға кірді

Ақтөбе облысының Темір ауданында 5 үй мен 25 ауланы су басты. Байғанин ауданының бірнеше ауылына баратын көпірді де су шайып кеткен. Ол елдімекендермен байланыс үзілді. Өңірде жедел штаб құрылған. Мамандар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Аймақтағы тілшіміз Бакыт Қазанғапқызы жағдайды толығырақ жеткізеді. Темір ауданында жағдай күрделі. Бүгін де сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Синоптиктердің болжамынша, ертең де күн жылы болады, жауын жауады. Саид МОЛДАҚАРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Темір ауданы Шұбарқұдық елдімекені бойынша ол жерде бес үйге су кіріп, 25 аулаға су кірді. Ол жерде 5-10 см үйге кірген. Бұзу жағдайлары тіркелген жоқ. Темір ауданына 20982 әскери бөлімінен 54 қызметкер және 6 техника көмекке жіберілген. Сонымен қатыр Маңғыстау облысынан 52 адам мен 5 техника келді. Қазіргі уақытта көпірді су шайып кеткендіктен Әйтеке бидің Талдық ауылымен, Байғанин ауданының үш елдімекенімен қатынас жоқ. Асхат ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Бір аптаның ішінде қалпына келеді деп күтілуде. Су деңгейі төмендесе тиісті техникамен инерттік материал дайын тұр. Азық –түлік дәрі дәрмек толықтай қамтамасыз етілді. Облыс орталығында да жағдай мәз емес. Бүгін таңертеңнен бастап қала шетіндегі бау-бақша ұжымдарын су басты. Эдуард ЕРЁМИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Там у нас дамба стоит которую сегодня.... Бізде ол жерде дамба тұр еді. Бүгін сегізде соны ашып жіберген. Біз суға кеттік. Барлық мал -жанымыз үшін қатты алаңдап, қорқып отырмыз. Бар жиған тергенімізді, тіпті кредит алып осы үйді салған едік. Енді не болды. Қазір бұл бау-бақша ұжымдарында суды сору, бөгеттер жасау шаралары жалғасып жатыр. Айта кетейік, облыста су тасқынымен күрес шараларына былтыр17 жоба жасалып, 1 млрдтан астам қаражат жұмсалған. Өңірде су тасқынынан қорғану, көпірлерді қалпына келтіру , су тасқынының алдын алу жоспарын толықтай орындау үшін 11 млрд теңгеден астам қаражат керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде қандай маңызды құжаттарға қол қойылды?
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
Жекеменшік мектеп: білім бе, әлде бизнес пе?
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Президент жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын айтты
Полиция алаяқтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады
Apple 2025 жылы жаңа iPhone смартфондарынан физикалық SIM картаны алып тастайды
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
2028-2029 оқу жылына дейін докторантура шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі
Алматыда есірткіге тәуелділікке қарсы күрес туралы зерттеу нәтижелері ұсынылды
Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Республикалық кадрлық резерв: Абай облысында 11 мұғалімге сертификат табысталды
Тұман, нөсер жаңбыр, найзағай: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Казахтелеком» әлі күнге дейін Tele2 мен Altel-ді катарлық холдингке сата алмай отыр
Ақтөбеде қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратындардың саны артқан