Ақтөбе облысында 600 мың теңге көлемінде пара алған мектеп директоры сотталды. Ол бұл сомаға пара берушінің әйелін лаборант ретінде мектепке жұмысқа алған, деп хабарлайды Zakon.kz.Аталған қылмыстық істі Шалқар аудандық соты қарады. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелерді жоққа шығарған жоқ. "Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, кінәсін мойындауын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді түрде үлес қосуын, ерікті түрде залалды өтеуін, асырауында жас балаларының болуын таныды", - деп мәлімдеді Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі.Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.