Ақтөбе облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап."Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудің бұзылуы туралы ақпарат келіп түсті. Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды", - делінген хабарламада. 6 маусым Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.