Ақтөбенің Шалқар ауданында үш адам мінген жеңіл көлік мұз ойылып, суға кетті. Екі адам шығып үлгерген. Ал 52 жастағы бір адамды құтқару мүмкін болмапты. Олар «ВАЗ-2110» автокөлігімен Шалқар көліне қамыс оруға барған көрінеді. Жағадан 400 метрдей ұзап кеткен. Көлдегі мұздың қалыңдығы жеңіл көліктің салмағын көтермей, автокөлік суға батқан. Үшінші адамның денесін құтқарушылар екі сағаттан кейін 2,5 метр тереңдіктен алып шықты. Иса БАЙТҰРСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: бұл жерде анықталып отырғаны ол жерде өткел болмаған. Сонда да мұздың үстіне көлікпен шыққан. Сол кезде батып кеткен жері 3 см болған. Ол жердің қалыңдығы көтермейді.