Ақтөбе облысында суға кеткен ауылдардан екі жүзден астам эвакуацияланды

Ақтөбеде су басқан аумақтардан 200 ден астам қауіпсіз жерге көшірілді. Шалқар ауданының Бүйректөбе елдімекеніне арнайы пойыз жіберіліп, 6 адам эвакуацияланды. Облыс орталығында да жағдай мәз емес. 28 үйге су кірген. Өңірден Бақыт Қазанғапқызы толығырақ баяндайды. 12 республикалық және облыстық маңызы бар тас жолды қарғын су шайып кетті. Кейбір ауылдармен қатынас жоқ. Жем арнасынан тасып, Мұғалжар,Жағабұлақ, Мәртөк, Қобда мен Шалқардан 200 ден астам тұрғын эвакуацияланды. 100-і бала. Олар жылыту бекеттеріне орналастырылды. Саид МОЛДАҚАРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жем өзенінің көтерілуінен Жағабұлақ, Бірлік, Шеңгелдіши ауылдарына әлі де сол қауіп бар. Жергілікті атқарушы билік ТЖД қызметкерлерімен бірігіп үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округы Амангелді ауылында үйлерге қауіп бар. Түнімен жаңбыр жауып, оған қырдың суы қосылды. Қалада 11 тұрғын үй алабы мен 28 үйге су кірген. Әсіресе Қурайлы ауылының тұрғындарына қиын болып тұр. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қурайлыға су кешкі бесте келе бастаған. Халық түнімен қарғын сумен күресіпті. Ақыры болмаған соң, тек құжаттарын алып үйлерін тастап шыққан. Рысқали ҚАЛИМАТОВ, ҚУРАЙЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Түнгі бір жарымда белден су кешіп шықтым амал жоқ. Үйдің ішінде отыратын жер болмай қалды. Техниканың бәрі, мебель бәрі кетті. Үйдің ішінде жарты метрден су бар ғой. Полдың бәрі көтеріліп жатыр. Ғабдолла АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚУРАЙЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл жолы ана дамбаны жаппаған. Дамбаны жабу керек еді.Сонда русломен су Елекке кететін еді. Мынау содан келген су. Түнімен жаба алмады. Келіншегім екеуміз суды лақтыруға тек үлгеріп жатырдық. Соңғы ақпарат бойынша қала көшелерінен 120 мыңнан астам су сорылды. 20 мың тонна қап,3 мыңнан астам инерттік материалдар тасылған. Ақтөбе әуежайы ұшу жолақтарын тазарту жұмыстарына байланысты бүгін таңғы алтыдан кешкі беске дейін жұмыс істеген жоқ .Үш халықаралық, 11 ішкі рейс кейінге қалдырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Зайнутдинов «Бешикташ» командасымен 2025 жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Анастасия Городко Алматыдағы әлем чемпионатында алтын алды
Абай гарнизонында жас сарбаздар алғаш рет жарылыс жұмыстарын игерді
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды