Ақтөбе облысындағы Покровка-Ембі-Кеңқияқ автожолында сиырмен соқтығысқан көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады. Медиа-портал тілшілерінің жазуынша, 8 қарашада таңғы уақытта Покровка – Ембі – Кеңқияқ автожолында Toyota Ipsum автокөлігі мен ірі қараға соғылған. Салдарыан көлік толығымен өртеніп кетті. "Автокөліктің рөлінде Кеңқияқ ауылының 57 жастағы тұрғыны болған. Такси қызметін ресми түрде жүзеге асырған жүргізуші 7 жолаушысымен бірге Ақтөбе қаласына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы садарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда мал иесін анықтау шаралары қабылдануда", - деп жазады басылым.