Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде.Ақтөбеде басты іс-шаралар Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті, онда Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындау бойынша акция ұйымдастырылды. Іс-шараға ардагерлер, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, спортшылар, жалынды жастар қатысты.Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 1992 жылдың 4 маусымы біздің тарихымызда және халқымыздың жадында жаңа мемлекеттік символиканың дүниеге келген күні ретінде есте қалатынын атап өтті. «Ту, Елтаңба және Гимн — біздің мемлекетіміздің көп ғасырлық тарихының, жауынгерлік жеңістері мен ауқымды жетістіктерінің көрінісі. Олар қазақстандықтардың көптеген буын ұрпақтарын біріктіреді және патриотизмнің бастауы, Отанға сүйспеншілік, тарих пен тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге терең құрмет ретінде қызмет етеді. Біздің тәуелсіз республикамыздың басты құндылығы бола отырып, мемлекеттік рәміздер қазақ халқының бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Оларды қадірлеу — біздің әрқайсымыздың қасиетті парызымыз. Біз осылайша өскелең ұрпақ бойында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мәні туралы ұғымды қалыптастырамыз, оларды патриотизм мен азаматтық сана-сезім рухында тәрбиелейміз», - деді өз сөзінде өңір басшысы. Облыстың барлық аудандарында, А. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда, теміржол вокзалында, ірі сауда орталықтарында, базарлар мен кәсіпорындарда бір уақытта 30 мың адам Әнұран орындады.