Ақтөбе облысының 30 мыңнан астам тұрғыны бір мезетте Әнұранды орындады

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде.Ақтөбеде басты іс-шаралар Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті, онда Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындау бойынша акция ұйымдастырылды. Іс-шараға ардагерлер, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, спортшылар, жалынды жастар қатысты.Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 1992 жылдың 4 маусымы біздің тарихымызда және халқымыздың жадында жаңа мемлекеттік символиканың дүниеге келген күні ретінде есте қалатынын атап өтті. «Ту, Елтаңба және Гимн — біздің мемлекетіміздің көп ғасырлық тарихының, жауынгерлік жеңістері мен ауқымды жетістіктерінің көрінісі. Олар қазақстандықтардың көптеген буын ұрпақтарын біріктіреді және патриотизмнің бастауы, Отанға сүйспеншілік, тарих пен тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге терең құрмет ретінде қызмет етеді. Біздің тәуелсіз республикамыздың басты құндылығы бола отырып, мемлекеттік рәміздер қазақ халқының бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Оларды қадірлеу — біздің әрқайсымыздың қасиетті парызымыз. Біз осылайша өскелең ұрпақ бойында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мәні туралы ұғымды қалыптастырамыз, оларды патриотизм мен азаматтық сана-сезім рухында тәрбиелейміз», - деді өз сөзінде өңір басшысы. Облыстың барлық аудандарында, А. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда, теміржол вокзалында, ірі сауда орталықтарында, базарлар мен кәсіпорындарда бір уақытта 30 мың адам Әнұран орындады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Онкологтар қатерлі ісіктің алдын алу үшін қанша қозғалу керегін айтты
Дәрігер кәуап пісіруге қандай ет таңдаған дұрыс екенін айтты
Соғыс ардагері Иван Макеев – көлік полициясының мақтанышы
Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге орден-медальдар табыс етті
Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай бірқатар іс-шара өтеді
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс
Дәрігер кәуап пісіруге қандай ет таңдаған дұрыс екенін айтты
Өзгеге өмір сыйлағандар
Қылқалам ұшындағы құрмет
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Самұрық-Қазына» креативті индустрияны дамытудың бірлескен жоспарын іске қосты
Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі
Мектепке Қошқарбаев есімі берілді
Жыл басынан бері Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900-ге жуық фактісі тіркелген
Онкологтар қатерлі ісіктің алдын алу үшін қанша қозғалу керегін айтты
Ахметжан Есімовтің қызы олигархтар қатарына қосылды
Өңірлерді дамыту маңызды
Көлік вице-министрі Беларустің Қазақстандағы елшісімен кездесті
Ерлікке бейбіт заманда да орын бар
Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады
Соғыс ардагері Иван Макеев – көлік полициясының мақтанышы
Олжас Абай Қайрат Нұртаспен неге бұрынғыдай жақын араласпайтынын түсіндірді
Азия чемпионаты: 7 мамырда шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды
"Өнегелі ұрпақ": Түркістанда ХҚКО қызметкерлері соғыс ардагерінің үй ауласын тазалап берді
«Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят»: желіде коучтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті