Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды.«Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп күдіктінің И. ісіне қатысты (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», – делінген соттың баспасөз таратқан хабарламасында. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.