17 жастағы жігіт кастет тауып алып, оны сатуға шешім қабылдаған. ВКонтакте қосымшасының "Сату және сатып алу" парақшасында жарнама орналастырған. Сатып алушы хабарландыруға жауап беріп, кездесуді ұсынған.Кездесуде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған және "суық қаруды" сатқаны үшін ақша бопсалай бастаған. Қорқып кеткен жас жігіт ұялы телефонын ломбардқа салып, алаяққа 133 мың теңге берген.Жедел іс-шараларды өткізу барысында 22 жастағы күдікті ұсталды.ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.