Ақтөбеде криптовалютадан ақша тапқысы келген жас жігіт алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция мәліметінше, кезекші бөлімге 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің алаяқтық жолмен ақшасын иемденгенін айтып арызданған. Жәбірленуші Telegram-дағы арнадан криптовалюта табысы туралы хабарландыру тапқанын жеткізген.