Ақтөбеде 200 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерлер отбасы тұрады

Ақтөбеде 200 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерлер отбасы бар. Сұлтангереевтер жанұясында төрт буын өкілдерінің бәрі бірдей дәрігер. Олардың арасынан травматолог-ортопед, хирург, кардиохирург, акушер-гинеколог шыққан. Тіпті әулеттің келіндері де – медицина саласының мамандары. Дәрігерлер династиясы туралы тілшіміз Бақыт Рахметова айтады. Бұл отбасындағы алғашқы дәрігер - Лұқпан Сұлтангереев. Ол 1930 жылдары Орынбордан оқу бітіріп, дәрігер фельдшер мамандығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында атты әскерде жүріп, әскери дәрігер болған. Мәскеу, Белоруссия,Украина майдандарына қатысып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Елге оралған соң Ойыл ауданында өмірінің соңына дейін дәрігер болды. Ауданда үлкен құрметке ие болып «земской врач» деген атақ алған ол кісінің екі қызы мен ұлы Бақыт та осы кәсіпті таңдаған. Бақыт СҰЛТАНГЕРЕЕВ, «АСАР» МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүкіл ауданға жалғыз фельдшер болған. Анам айтушы еді. Командировкаға аудан аралап кетеді. Бір екі жетіге. Арбамен жүрген ғой ол кезде. Мен де балдарға постоянно айтып отырамын. Сіздер деген науқасқа өздерін жан ашып жәрдем бере алмасаңдар. Онда сендер дәрігер бола алмайсыңдар. Бақыт Сұлтангереев - травматолог-орпопед. Еңбек жолы өзі туған Ойыл ауданынан бастап, осы салада 47 жылдан астам еңбек еткен. Зайыбы Гүлзия Қибашқызы да дәрігер акушер-гинеколог болған. Көп жылдар бойы перзенханада қызмет еткен. Екеуінің үш ұлы да -дәрігер. Үлкені Аслан – травматолог дәрігер. Екіншісі Ерлан-хирург, ал кішісі Нұрлан – кардиохирург. Нұрлан СҰЛТАНГЕРЕЕВ, КАРДИОХИРУРГ: Анамның сүтімен берілген шығар. Кішкентай кезімнен бастап дәрігерлер арасында өскенбіз. Біздің үйде столдың басында қонақтар келгенде қонақсызда медицина туралы әңгіме көп айталатын. Сол себепті кішкентайымнан құлағым сінді. Сұлтангереевтердің қай қайсысы да өз ісінің шебері. Әулеттің ортаншы ұлы Ерлан Сұлтангереев - жоғары дәрежелі хирург. Ақтөбе облысында бауыр мен бүйрек алмастыру бойынша күрделі операциялар жасайды. Қазір онының басшылығымен Ақтөбе медицина орталығында бүйрек алмастыру бойынша алпыстан аса, бауыр алмастыру бойынша оншақты операция жасалған. Ерлан СҰЛТАНГЕРЕЕВ, АҚТӨБЕ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Әкем де, шешем де біздің бәрімізге үлгі болып, қалай олар жұмыс істейді. Жұмысқа көзқарасы қандай. Соған қарап мамандықты таңдадық. Өйткені бізге науқастардың жазылып кеткені ұнайды өте. Талай жанның өмірін ажалдан арашалап, қаншама науқасты емдеп сауабын алған бұл әулетте төрт буын дәрігер бар. Ата салған жолды бала, кейін немелелер жалғап екі жүз жылдай осы салада абыройлы еңбек етіп келеді. Отбасында тағы екі студент медицина университетінде білім алып жатыр. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Танымал жас әнші Sadraddin астаналықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)
ШҚО-да қауіпсіздік рейдтері өтіп жатыр
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады