Ақтөбеде 14 жастағы бала 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.Іс Ақтөбедегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралған. Балалардың әрекеті үшін 38 жастағы анасы жауап берді. Әйел адамға сотта "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік айып тағылған. Әйел адамның 14 жастағы ұлы 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Жасөспірімнің анасы сотта кінәсін мойындап, енді баласының тәрбиесімен айналысатынын айтқан. Сот әйел адам кінәсін мойындағанын және отбасының материалдық жағдайын ескеріп, 48 мың 300 теңге айыппұл салған.