Ақтөбеде 15 жастағы оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбеде жасөспірімдер арасында төбелес болды. Үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оқиға 2 маусым күні Ақтөбе облысының Алға ауданында болды. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. "Күдікті ұсталып, қамауға алынды. "Бұзақылық" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Үш бала медициналық мекемеге жеткізілді", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі. Ақтөбе облыстық білім басқармасындағылар төбелес кезінде жарақат алған жасөспірім 9-сынып бітірген оқушы екенін растады. "Тергеу жүріп жатыр, әзір біз де анық-қанығын білмейміз. Жарақат алған оқушы биыл 9-сынып бітіріп жатыр", - дейді облыстық білім басқармасы баспасөз хатшысы. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері төбелестен кейін ауруханада бір адам ем алып жатқанын айтты. Айтуларынша, алған пышақ жарақаты терең емес. "15 жастағы тұрғын Алға аудандық ауруханасына жеткізілді. Хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Реаниматолог, хирург дәрігерлер қарап шықты. Науқастың басына, ішкі құрылысына тексеру жасалды. Жарақаты тігілді. Ота жасауды қажет етпейді. Жағдайы тұрақты", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы. Құзырлы органдағылар тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы туралы айтты
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Алматыда тұрақты даму жобалары талқыланды
Қатерлі ісік, қаш! Онкологиядан қорғайтын сусын аталды
«Мен оны көбірек құрметтеймін». Шавкат Рахмоновтың қарсыласы мәлімдеме жасады
«Әйел қылықты болуы керек»: Гүлзира Айдарбекова күйеуінен қорлық көргенін айтқан әйелге кеңес берді
Әлібековтің Lamborghini көлігі қағып өлтірді: Қаза тапқан жігіттің парақшасында жазба пайда болды
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Зеленский Украинаның әуе қорғанысының жаңа жүйелерін алатынын мәлімдеді
Балтық елдері НАТО одақтастарын Киевке көмекті күшейтуге шақырды
Угледар маңында ресейліктер Украинаның бес жауынгер тұтқынын атып тастады
Анналена Бербок 17 жылдық некеден кейін күйеуімен ажырасты
«Тойды қарызға алып жасадым, келіншегіме мақтанғым келді»: танымал блогер шындығын айтты
АҚШ Ресейдің 50-ден астам банкіне қарсы жаңа санкциялар салды
Алматыда жиһаз цехында өрт шықты
«Орешник» зымыраны РС-26 «Рубеж» баллистикалық зымыранының негізінде жасалған
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы туралы айтты
Астанада электромобильдерді пайдалану бойынша мамандар даярланады
Астанада алғаш рет Абай шығармашылығына арналған моноопера сахналанды
«Бірінші бол» медиа-жобасы жылдың ең үздік жас комментаторына 500 мың теңге сыйақы табыстады
Жел күшейеді: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті