Ақтөбеде 19 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап қаза тапты. Бұл оқиғаға қатысты полиция өзін –өзі өлтіру бабымен іс қозғаған. Бірақ бойжеткеннің жақындары оған сенбейді. Бұл қылмыстық іске күмәнмен қарайды. Әділ тергеу жүрсін деп талап етіп отыр.Бұл оқиға Ақтөбені дүр сілкіндірді. 8 маусым күні түнгі он екі жарымда көп қабатты үйдің жетінші қабатынан бойжеткен жерге құлап түскен. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бірнеше сараптама тағайындалды. Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ақтөбе қаласы ПБ 1 қалалық полиция бөлімімен ҚР ҚК 105 бабы, яғни яғни өзін өзі өлтіруге жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс бойынша бірқатар сараптамамал тағайындалды. Тергеу жалғауда. 19 жастағы Әйгерім Орынбасарова- Қ.Жұбанов университетінің дене шынықтыру факультетінің екінші курс студенті. Ата-анасы ол кішкентай кезінде ажырасып кеткен. Сондықтан қыз тек анасымен тұрыпты. Сол күні Әйкерім таңертең шаруаларымен үйден шығып кеткеннен оралмаған. Аслан ЕЛШІБАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ: Оның үстінде тек бір футболка мен носкиі ғана болған. Пәтер іші қан болған екен. Пәтерде сол күні шу болған біз барлығын кейін білдік. Тергеу тобына айтарым біз 105 бап, суицид дегенмен келіспейміз.Істі соңына дейін тексеріңіздер. Бұл жерде кісі өлтіру, зорлау және қарақшылық пен ұрлық болуы мүмкін. Әйгерімнің жақындары сол күні не болғанынан хабарсыз. Қыздың ол пәтерге неге барғаны және өлімге не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қалада 25 қабатты үйдің ең соңғы жоғарысында тұратын бойжеткен өмірден сонша түңілсе де біреудің үйіне барып жетінші қабаттан құламайтын еді дейді олар. Сондықтан тергеудің әділ жүруін талап етіп отыр.