Ақтөбеде 21 бала өсіріп отырған өнерлі отбасы бар

Ақтөбеде 21 баласы бар отбасы бар. Жетесовтер әулетіндегілердің бәрі шетінен өнерлі. Ән айтады, жетіген, қобыз, домбыра түрлі ұлттық аспаптарда ойнайды. Балаларды өнерге, музыкаға баулыған ата-ана отбасылық «Шашу» халықтық ансамблін құрған. Берекелі шаңырақта тілшіміз Бақыт Рахметова болды. Өмірхан мен Амангүлдің өзінің үш баласы бар. Жастайынан жетімдік көрген олар кейін балалар үйінен 18 сәбиді бауырына басыпты. Амангүл ЕШПАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Ол балаға мейірім қажет. Тамақ, киім, жылы үй бәрі ол үкіметте де бар. Сондықтан ерекше мейірім мен махабатта болсаңыз, сол балаларды бауырға басып шын сүйіп шын көңілмен жақсы көрсеңіз. Ол бала ата-ана мейірімін көрген кейін ыстық ықылас, құшағын көргеннен кейін ешқашанда бөтен болмайды. Ол өзіңнің балаң болады. Қазір балалардың үлкені - 25 жаста, кішкентайлары - 9,10 жаста. Отбасында бес баланың ұлты орыс болғанымен, жаны - қазақ. Жеткеншектердің барлығы ұлттық аспапта еркін ойнап, дәстүрлі ән, терме айтады. Фольклорлық жыр-дастандарды жатқа біледі. Темірхан ЖЕТЕСОВ, ҰЛЫ: Мен өзім домбыраны қаладым. Ойнайтын аспабым - домбыра. Наурызбек атамыздың, Әбубәкір Кердері атамыздың термелерін білемін. Едіге дастанды жаттап жатырмын. Алтынай ЖЕТЕСОВА, ҚЫЗЫ: Мені бірінші прима қобызға берді. Және прима қобыздың күшті үні, дауысы ұнады. Прима қобыз ойнағанда мен көптеген әсер аламын. Өте жақсы күйде боламын. Жұдырықтай жүрегіне 21 баланы сыйғызып, оларға мейірім мен махаббат беріп, өнерге баулып, әрқайсысының тұлға болып қалыптасуына үлес қосып жүрген Жетесовтер әр баланың орны бөлек екенін айтады. Амангүл ЕШПАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Ең бірінші ойымыз - сол балаларды музыкалық, арнайы мектептерде оқытып, сосын олардан бір ансамбль құрып, елдімекенді, жер-жерді аралап, өз табысымды өзіміз тауып жүру. Өзімізге өзіміз еңбек ету деген сияқты ойластырдық. Айтып айтып келе, сол арманымыз орындалды. Олардың отбасылық ансамблі республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Тіпті әлемнің 96 елі ұлттық өнерді насихаттайтын ансамбльді қонаққа шақырған. Алдағы жазда Жетесовтер шет елдерді араламақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бауыржан Исламхан «Ордабасыдан» кетті
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
30 жыл: Алматыда мәслихаттың мерейтойына орай ғылыми-практикалық конференция өтті
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады