Ақтөбеде 3 жасар бала 5-қабаттан құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz. Келеңсіз жағдай кеше түс мезгілінде болған. 2020 жылы туған бала қаладағы бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен."Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Кома-1-де жатыр. Өздігінен демала алмайтын болғасын жасанды тыныс алдыру аппаратына қостық. Ол бас ми жарақтын алған, өкпесі, бауыры зақымданған. Кеудесіне дренаж салдық. Барлық ем-шара жасалып жатыр, бала дәрігерлердің бақылауында", - деді облыстық бала мен ананы қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов.Дәрігерлер мен полиция қызметкерлері ата-аналарға балаға мұқият болуды ескертеді. Себебі көпшілігі терезедегі москит торына сеніп, баланы қараусыз жібереді. Ал мамандар бұндай тор баланың салмағына шыдамайтынын айтады. Сондықтан терезені бала аша алмайтындай бекікен жөн.