Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірген күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірді деген тергеу изоляторындағы күдікті камераның әжетханасында асылып қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті күдіктінің тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Ер адамның жағдайын түнде мекеме қызметкерлері анықтаған. Кезекші ауысым дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен сотталушыны аман алып қалу мүмкін болмады. “Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады ҚАЖК. Қазір облыстық департамент қызметкерлерімен ішкі аудит тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданбақ. Еске салсақ, Ақтөбеде пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін табылған болатын. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Күдікті 10 сәуірде қамауға алынған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды
Ержан Максим халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
Жозе Моуринью АПЛ-ға оралуы мүмкін
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды