Ақтөбеде 4 жасар ұлының өлімі бойынша күдікті ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4 жасар баланың өлімі бойынша сотталушы әкеге қатысты үкім шықты. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.41 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын қауіптілігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот мұндай жағдай қайталанбас үшін облыстық полиция департаменті бастығына, облыстық білім басқармасының басшысына жеке қаулы шығарды.Осыған дейін хабарлағанымыздай, сотталушы өз баласын қатты затпен ұрған. Алдымен басынан, кейін кеудесінен соққы жасаған. Бала есінен танып құлаған. Баланың денесін 10 күн балконда ұстаған. 2022 жылы 24 желтоқсан күні 23:00-де сотталушы қылмысын жасыру үшін ұлының денесін көміп тастаған. Сотталушы соңғы сөзінде тағылған айыппен келіспейтінін, өзін кінәлі санамайтынын айтты."Анаммен бірге тұрдым. Балалар өте ширақ еді. Үлкені гипербелсенді болды. Ал Д. өте сабырлы еді. Қызым А. өте қамқор. Маған көмектесіп жүрді. Анамның үйінде көп тұра алмадық. Себебі үлкен ұлым кіші ұлым Д.-ны ұрды. Сол үшін анам екеуіміз ұрысып қалдық. Бөлек шығуға тура келді. Сөйтіп пәтер жалдадым. Сол жерде жазатайым оқиға болып, Д. көз жұмды. Бұл туралы мен сот отырысында айттым. Сол күнгі оқиға әлі күнге дейін көз алдымда. Мен жынданып кетемін бе деп те ойладым. Баламнан айырылғандағы жан күйзелісі әлі де бар. Баламнан айырылғаныма сенгім келмеді. Бәлкім сондықтан да мен полицияға хабарласып, жоғалып кеткені туралы хабарлаған шығармын. Өмірдің мәні кетті. Баламның өліміне кінәлі деп танымауыңызды сұраймын. Мен бар баламды жақсы көремін. Маған мүмкіндік беріп, жағдайды өзгертуге болады деп ойлаймын", - деді сотталушы соңғы сөзінде.Сотталушының кінәсі сарапшылардың айғақтарымен, медициналық-криминалистикалық және сот медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты