Ақтөбеде 5 оқушы отырған көлік апатқа ұшырап, біреуі қаза тапты

Ақтөбеде оқушылар жол-көлік апатына түсті. Біреуі көз жұмып, төртеуі ауруханаға жатқызылды.Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 4 наурыз күні сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тасжолында болды. Кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылды. «Салдарынан бір бала оқиға орнында қаза болып, ал төртеуі ауруханаға түсті. Ата-аналар, әр баланың өмірі қымбат екенін ескеріп, көлікті балаларға бермеуді сұраймыз»,- деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нариман Мұхтаров. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілді. Ол ашық бас-ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Дәрігер жағдайы өте ауыр деп отыр. «2008 жылы туған екі баланың да аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Ал бір бала жеңіл жараланып, амбулаториялық бақылауға алынды»,- деп хабарлады Бекболат Ізбасаров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы конкурс бойынша магистратураға түскен білім гранты иегерлері белгілі болды
“Астана Опера“ 2024 жылды зор жетістіктермен қорытындылады
Психотроптық затты заңсыз айналымға түсіріп, сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды