Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жарақат алған науқастың жақындары шу көтерді

Ақтөбеде №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан шу шықты. 58 жастағы науқас қатты жарақат алған. Ал туыстары оның бет аузын көк ала торғай етіп сабаған деп отыр. Науқас жарақат алғаннан бір жеті бойы ешқандай емдік көмек алмапты. Тек жақындары келіп, жағдайды білгеннен кейін ғана оған көңіл бөліп, ауруханаға жатқызған. Енді ол сол көзінен айырылуы мүмкін. Жеңіс Қамиевтің жақындары әдеттегідей демалыс күні ағасына барған. Сол кезде медбике "ағаңыз кеше құлап қалып жарақат алды" деп ескертіпті. Бетінде сау жер жоқ. Қасымжан БҰРХАНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ІНІСІ: Сосын ағам келіп тұр. Беті ісік-ісік, көзі көрінбейді. Көзі жабылып қалған вообще. Қалай құлап қалады. Бұл құлаған емес. Жас болған соң білеміз ғой. Кім қалай құлайды. Удар алғанда қалай болатынын. Көрініп тұр удар алғаны. Жарақат алған Жеңіс Қамиевтың орталықта жатқанына он төрт жыл болған. Ол- психоневрологиялық диагнозы бар науқас. Дұрыс сөйлей алмайды. Бір қызығы, науқас құлап жарақат алғаннын өзінде бұл жағдай туыстарына хабарланбаған. Құлап қалғанын көрген медбике алғашқы көмек көрсеткен де қойған. Қасымжан БҰРХАНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ІНІСІ: Біз айқай шу көтергеннен кейін бұлар Дару клиникаға жіберді ағамды. Олар қарап айтты. Осылай осылай осложнение болып жатыр. Көзді удалять етеді деп. Асқынып кеткен короче.Уақытында қарамаған ғой. Просто левомицин капать еткен болды. Туыстары басшылықты шақырып, айқай шу көтергеннен кейін ғана науқас дереу жеке ауруханаға жатқызылған. Директордың айтуынша, ол 8-қараша күні дәретханада құлап қалып, жарақат алған. Тіпті оның өзі болған жағдайды 4 күннен соң естіген көрінеді. Гүлнар НҰРТАЗИНА, №2 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Тумалары санитарлар нелер ұрған шығар дейді. Ондай факті бізде кездесіп көрген жоқ. Коридорлардың барлығында камера бар. Әрине дәретханаға қоя алмаймыз. Басқа жерлерде камера бар. Қазір бұл мәселемен полиция айналысып жатыр. Орталық басшылығы медбикеге қатаң сөгіс жариялаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Жамбыл облысында жолдың бойында жүк көлігі өртенді
Бахтиер Зайнутдинов маусымдағы бірінші ассистін берді
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
"Tasqyn": Су тасқынын болжайтын ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр
Атырауда үйдің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылды
Елімізде су инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүргізіледі
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Жамбыл облысында жолдың бойында жүк көлігі өртенді
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?