Ақтөбеде анасы мен баласын өз үйінде өлтіріп кеткен

Ақтөбеде анасы мен баласы кісі қолынан қаза тапты. Ал, осы үйдің 13 жастағы қызы жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқиға бүгін, 29 наурыз күні болды. Сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен. «Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жараланған қызға ота жасалғанын хабарлады. «Қызға ота жасалды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Із-түссіз кеткеніне 7 ай болған ер адамның жағдайы белгілі болды
Актриса Арай Ордабаева кино саласында не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді
"Екеумізді бірге көрмейсіздер". Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаевқа қатысты сұраққа нүкте қойды
Астанада қалалық мәслихат депутаттары ағаш отырғызды
Атырауда жеңіл автокөлік өртеніп кетті
"Жетекшілік кезде қолда ықпал болды". Бекболат Тілеуханов өмірде түйгенін айтты
"Басымызға бәле болып төнді сол". Дариға Бадықова "күзетпен жүр" деп сынағандарға жауап қатты
Сергеев қоймасында су деңгейі 30 см төмендеді
Екібастұзда кәріз жүйесінің 90 пайыздан астамы тозған
Польшада бомба табылған аймақтан екі мыңнан астам адам көшіріледі
"Екеумізді бірге көрмейсіздер". Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаевқа қатысты сұраққа нүкте қойды
Қазақстанда 4 мамырдағы демалыс күні 8 мамырға ауыстырылды
Атырау облысында су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр
"Интим байланыс болуы мүмкін". Профайлер Бишімбаев ісі бойынша куәгер болған Насырбекованың іс-әрекетіне талдау жасады
Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына барады
Мобилограф Қыран Талапбек: "Мен базарда жұмыс істеп, шұлық саттым"
Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Олимпиада квотасын иеленді
Оралға су тасқынын түсіруге барған фотограф ерекше көлге кезікті (ФОТО)
АҚШ-та торнадо салдарынан үш адам қаза тапты
“13 жаста босанды”: кеуана 6 баланың анасын іздейді
Құмар ойынынан емделіп жүрген ер адамның келіншегімен сөйлескен видео тарады (ВИДЕО)
«Бірлік жүгірісі»: Астанада марафонға қатысушылар жарыстан кейін қоқыс жинады
Актриса Арай Ордабаева кино саласында не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді
Із-түссіз кеткеніне 7 ай болған ер адамның жағдайы белгілі болды