Ақтөбеде арнайы интернатта баланы соққыға жыққан тәрбиеші іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде арнайы интернаттан тағы шу шықты. Бұл жолы да тәрбиеші қорғансыз балаға қол көтерген. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Прокурорлар осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу тексеру шаралары жүріп жатыр.Оқиға 27 сәуір күні болған. Бейнебақылау камерасының жазбасынан балалардың бір бірімен төбелесіп қалғанын, онан соң бөлмеден шығып бара жатқан баланы біреудің екі рет ұрып, құлатқаны көрінеді. Ләззат ТАЙЛАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Бейнебақылау камерасының жазбаларын зерделеу арқылы 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды. Осы факт бойынша Ақтөбе қаласы прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Баланы кімнің ұрғаны әзірге белгісіз. Орталық басшылығы бұл ақпаратты әлі тексеріліп жатқанын айтады. Бақытгүл ТОЙБАЗАРОВА, №1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тәрбиешілер санитар ұрды дейді. Ол әлі дәлелденген жоқ. Ол топта баламен бала ұрысқан, төбелескен. Бір нәрсеге керісіп қалды ма сондай. Камерада сондай басқа тәрбиеші санитар ұрды деп есептеп тұр. Бірақ бізге дәлелденген жоқ ақпарат. Бұл - даун, дцп дертіне шалдыққан және психикасында ауытқуы бар балаларға қызмет көрсететін облыстағы жалғыз орталық. Қазір мұнда бес жастан 18 жасқа дейінгі 55 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға бес тәрбиеші және 33 санитар қызмет көрсетеді. Осыған дейін де мұнда балаларды ұру жағдайы болған. Әнуарбек ҚОНЖАР, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ол үшін азаматтар өз жазасын алып жатыр. Екінші факт бойынша прокуратура тарапынан тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалай аяқталады. Ақпарат береді деп ойлаймын. Айта кетейік, былтыр көктемде осы орталықтың үш бірдей санитары балаларды ұрып, өз жазасын алды. Үшеуі де қызметтен қуылып, төрт жылға шартты жазаға кесілген болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді