Ақтөбеде ашық тұрған құдыққа құлаған сәби мерт болды

Ақтөбеде өрт сөндірушілердің гидранты бар құдық қақпағы ашық қалып, сәби құлап кетті. Сәбиге бірнеше ота жасалғанымен, бірнеше күннен кейін көз жұмды.Оқиға 9 сәуір күні болған. Құдыққа құлаған 1 жас 5 айлық сәбиді ата-анасы ауруханаға жеткізген. «Ата-анасының сөзіне сүйенсек, бала тереңдігі 3,5 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бір сағат ішінде консилиум отырысы өтті. Оған хирург, реаниматологтармен қатар нейрохирург, кардиохирургтер қатысты. Өмірін сақтап қалу үшін кеңірдегі мен кеңірдек тамыры, құрсақ қуысы, өкпеқап қуысына бірнеше ота жасалды. Алайда сәби 12 сәуір күні тыныс алуын тоқтатты», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-анасы сол күні аула маңын жинауға шыққан. Сол кезде жанында жүрген сәби ашық қалған құдыққа түсіп кеткен. «Қазіргі кезде оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Іс қысқартылуы мүмкін», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Ақтаудағы апат: қара жәшікте не бары белгілі болды
Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«AMANAT»: Сыр халқы партия қолдауын сезінді
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді