Ақтөбеде атыс болып, 18 жастағы бозбала қаза тапты

Ақтөбеде жастар төбелесіп, бір-біріне оқ атқан. 18 жастағы бозбала қайтыс болды. Жігіттердің жас шамасы 18-22 аралығында. Ауруханаға жеткізілгендердің бірінің аяғына оқ тиген және бірнеше жерден пышақ жарақаты болған. Ол есін жимаған күйі көз жұмды. Марқұм Ақтөбе политехника колледжінде үшінші курста оқыған. Шалқар ауданы Базой елдімекеніннің тумасы отбасының жалғыз ұлы екен. Ұстаздары оны өте елгезек, адамгершілігі мол бала еді дейді. Ауылына өндірістік практикадан өтуге кеткен. Бүгін соның есебін әкеліп тапсыру тиіс болған. Жеңіскүл МҰХАМБЕТПАИЗОВА, АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Әрине, өте өкінішті жағдай. Біздің түсінігімізше, апасының айтуынша ол баланы сағат он бір жарымда телефон звондап, «Мен қазір келемін» деп шығып кеткен. Содан кейін телефонын алмаған. Сол екі ортада осындай жағдай болып отыр. Жігіттер арасында жанжал саябақта болған концерт кезінде туындаған. Төбелеске қатысқан сегіз жігіт қазір ауруханада жатыр. Барлығының аяғынан оқ тиген. Олардың жағдайын дәрігерлер тұрақты дейді. Қазір ауруханаға арнайы күзет қойылған. Полиция қылмысты жасады деген күдікпен тағы төрт адамды ұстады. Оларға қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.  Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт азаматтың ізін суытпай анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейіңгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы ПД бастығының жеке бақылауында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде шырша безендіремін деп жарақат алған мұғалімнің кім екені белгілі болды
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Астанадағы 20 мектеп жылыжайда жеміс пен көкөніс өсіреді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті