Ақтөбеде автокөліктерді алып-сату схемасы бойынша жұмыс істеген қаржылық пирамида әшкереленді

Ақтөбеде автокөліктерді алып-сату схемасы бойынша қаржылық пирамида ұйымдастырған. Салымшылардың көлігін бөліп төлеу арқылы нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алып, үшінші тұлғаларға арзанырақ сатқан.Аталған қылмысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өңірлік прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көмегімен анықтады. "Auto Seller" ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс жасаған. Материалдық залал сомасы 300 млн теңгеден асады. Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылды, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленді. "Auto Seller" ЖШС заңды мекен-жайы бойынша тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді. Сот шешімі бойынша күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтарға шетелдік көлікті тізгіндеуге рұқсат етілуі мүмкін
Астананың мектепке дейінгі ұйымдары 2025 жылдың қаңтарынан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды