Ақтөбеде Батыс-2 ауданының тұрғындары балаларын мектепке бере алмай отыр. Өйткені жақын жерде білім ошағы жоқ. Үйдің қасынан салынған жекеменшік білім беру ұйымында оқыту үшін айына 75-80 мың теңге төлеуі тиіс. Оған көпшілігінің жағдайы келмейді. Еңді ата-аналар бірінші сыныпқа баратын балаларын қайда тіркейтінін білмей дал болып отыр. Ата-аналар бірінші сыныпқа беру туралы өтінішті сәуір айының бірінде жазған. Бірақ ешқандай бала қабылданбапты. Өйткені мекен-жайы сәйкес келмейді. Ал жақын маңда басқа мектеп жоқ. Тек бір ғана жеке меншік білім ошағы бар, оның өзі бастауыш сыныптар үшін ақылы. Нұрсұлу ҚАБАҚБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің 1 сыныпта оқып жатқан баламды Білімге берсем, 75-80 мың төлеуім керек айына. Бірақ мен оқыта алмаймын. Оңдай жағдайым жоқ. Айша ЖЕКСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бәрі бірдей ақылы оқыта алмайды. Жан-жақтағы балалар қайда барады. 1-ші мектеп толық, Білім алмайды, қайда барады балалар. Ақтөбенің бетке ұстар жаңа ауданы Батыс-2 аумағы жылдан жылға ұлғаюда. Мұнда екі мемлекеттік мектеп бар. Бірақ олар да лық толы. Балалар үш ауысыммен оқып жатыр. Гүлжанат ЖҰМАҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қаншама үй салынып жатыр. Батыс-3 салынып жатыр. Болашағы бар район. Бірақ мектеп қарастырылмаған. Мемлекеттік мектеп керек! Ең құрығанда мұрнымыздың ұшында терезеден көрініп тұрған осы мектепке оқытса бастауыштың балаларын. Жауаптылар мәселеден хабардар. Айтуларынша, биыл екі мектептің құрылысы басталады. Бірі екі мың орындық, екіншісі 900 балаға шақталған. Ал әзірге балалар 1-ші мектепке қатынап оқуға тура келеді. Меткүл ҚОСЫМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бірінші мектепке тасымалдау арқылы баруға болады. Кәдімгі школьный автобус шығады. Ақтөбеде мектеп мәселесі өзекті. Үш ауысымдық мектептерді жою үшін 2025 жылға дейін қалада жиырма жаңа мектеп салынбақ.