Ақтөбеде Бершүгір ауылының тұрғындары қақаған қыста көмірден қысылып отыр

Ақтөбеде Шалқар ауданы Бершүгір ауылының тұрғындары қақаған қыста көмірден қысылып отыр. Биыл қатты отынның бағасы 30 мың теңгеге жеткен. Оның өзі бірде жақсы боп келсе, кейде- сапасыз. Ал елдімекенге табиғи газ келеді дегелі 10 жыл болған. Жауаптылар "әні-міне" деп құр уәдемен жұртты алдаумен жүрген көрінеді. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бершүгір ауылында 1500 халық тұрады. Көгілдір отынды халықтың күткеніне он жылдан асқан. Десе де, осы ауылдан отыз метр жердегі ауылдарға газ келіп тұр. Құлпан Рахова Бершігүрде елу жылдан бері тұрады. Кейуана "бүкіл зейнетақымды көмірге жұмсаймын" дейді. Бір бөлмені ғана жылытуға үш тоннаның өзі дым болмайтын көрінеді. Кұлпан РАХОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бұл жақтың бораны ерекше ғой. Боран март апрельге дейін болады. Майда да қара суық болады. Пешті майға дейін жағамыз. Бершүгір Мұғалжар тауының бөктерінде орналасқандықтан қысы қатты. Тіпті алты айға созылады. Сондықтан халық қыстан шығу үшін он, он бес тонналап көмір алады. Былтыр халық қатты отынның тоннасын 24 мың теңгеден алса, биыл 28-30 мыңға шарықтап кеткен. Гүлшат ЗАРИПОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: біреудің қолы жетсе біреудің қолы жетпейді бұған. Қатты аязды халық үйді жылыта алмай отыр. Көмірдің сапасы кейді жақсы келсе, кейді нашар. Елдімекен іргесінде шиыршық тас өндіретін он шақты зауыт бар. Алақандай ауыл облыс экономикасына миллиондаған қаржы құйып отыр.Ал ауылда не жөнді жол жоқ, не басқа жағдай жасалмаған. Ал табиғи газ желісі жүргізіледі дегелі 10 жыл болған. Айнагүл АМАНБАЙ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Негізі бізге Жаңажолдан Алабас арқылы газ келу керек. Биыл заңында біз көгілдір отын жағу керек едік. Ешқандай ештеңе жоқ. Мына Қотыртастың ештеңесі жоқ. Но газ жағып отыр. Бес жыл болды. Ар жағында Қауылжар деген он үй бар. Оларда газ бар. Ал біз мың жарым адамы бар. Бершүгірде газ жоқ деген адам күлетіндей зат қой. Былтыр ауылға көгілдір отын жеткізу бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Нұртай САРТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Осы ақпан айының соңында сараптама қорытыңдысы алынғаннан кейін ол бюджеттік ұсыныс республикаға жолданатын болады. Егерде республикадан оң шешім қабылданған жағдайды әрі қарай құрылыс-монтаждық жұмыс жүргізу бойынша рәсімдер жүрзіледі. Жобалық құжаттар мақұлданса, ауыл биыл газдандырылады. Шалқар ауданында Бершүгірден бөлек тағы үш елдімекеннің тұрғындары көгілдір отынды күтіп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты