Ақтөбеде бір ауыл карантинге жабылуы мүмкін. Қаланың іргесіндегі «Садовое » тұрғын алабында малдан шешек ауруы анықталды. Қойдан биосынама алынды. Ауа арқылы таралатын қауіпті ауру адамдарға жұғуы ықтимал. Сондықтан елдімекен толықтай 20 күн карантинге жабылып, бар малға дертке қарсы екпе салынатын болады. Сонымен қатар ауру ошағы дезинфекцияланады. Бердімұрат БЕКЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі таңда қала әкімінің шешімі шығуы керек. Бізде противовирусный ветеринарный отряд бар. Сол өзі вынужденный дезинфекция, вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Жайылымға шығарылады ол мал. Просто басқа шақтан мал кіргізуге, мал шығаруға сол өңірден болмайды.