Ақтөбеде автогаз тапшы. Кейбір бекеттерде газ мүлдем жоқ. Енді бірі тек талонмен беріп жатыр. Бірақ ол жерде ұзын -сонар кезек. Жергілікті билік мәселені қалай шешуге тырысуда? Өңірден-Бақыт Қазанғапқызы. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ Соңғы екі аптадан бері жанармай бекеттерінде тап осындай ұзын сонар кезек. Жүргізушілер автогаз алу үшін 2-3 сағаттап кезекте тұрады. БЛИЦ-ОПРОС: - Мен мына Ойылдан келетін таксимін. Кей күндері адамды салып алып сағаттап, екі сағаттап тұратын уақыттар болады. Тіпті клиенттерден ұят. Қазір бәрін қойып осылай аралап іздейміз. - Қалада газ жоқ. Бір ай болып қалды. Қайда барсаң да талон. Сұрасаң лимит дейді. Қаншама водительдер жүр мысалы газ таба алмай. Заправкадан заправкаға барып. Мен қазір 3-4 бекетке соқтым. Бәрі по талону. - Бір сағат тұрып газ аламыз. Қала бойынша жоқ. Шешілмейді ешқандай. Газ болмаған қиын ғой. Қалада 70 пайыз көлік газбен жүреді. Міне көріп тұрсыз қаншама очередь. Бір сағат уақыт алады. Облысқа айына 13 мың тонна газ бөленеді. Бірақ кәсіпкерлер сол жанармай бекеттеріне теңдей бөлінсе дейді. Бұл да мәселенің бір ұшы боп тұрғанын айтады. Алтынай МҰҚАНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бізде бір жанармай бекеті 170 тонна алады. Ал екіншісіне 6 тонна беріледі. Бұл газ -Министрліктен реттелетін газ. Сондықтан барлығына теңдей бөлінуі тиіс. Әкімдіктегілер аймақта газ тапшылығына екі бірдей зауытта құрылғылар бұзылып қалғандығы себеп болғанын айтып отыр. Сондықтан «СНПС Ақтөбемұнайгаз» зауыты газ шығаруды күніңе мың жарым тоннадан 800 тоннаға дейін азайтқан. Ал «Қазақойл» өнімі 85 тоннадан 65 тоннаға азайған. Шенеуніктер басқа аймақтардан қосымша сұйытылған газ бөлуді сұрап отыр. Нұртай СЕРТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз Министрлікке қосымша сұйытылған газ көлемін бөлу жөнінде хат жолдадық. Осылайша аймақтың сұранысын толықтай жабатын боламыз. Қазіргі таңда Министрлікпен бірлесе отырып жұмыс жасап, мәселені шешпекпіз. Қазір облыста автогаз тапшылығын жою үшін арнайы мобильдік топ құрылған. Олар бекетерде мониторинг жасап, қоры бар бекетердің газы сатуын қадалап отырады