Ақтөбеде демалыс орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды

Ақтөбеде қарда жүретін көлік қаққан бес адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер жансақтау бөліміндегі 16 жастағы қыздың жағдайына алаңдаулы. Жасөспірімнің жамбасы сынып, өкпесі зақымданған. Одан өзге тағы үш бала мен ересек адам басынан жараланып, сүйектері сыныпты. Ал көлікті тізгіндеген 9-сынып оқушысы тергеліп жатыр.Көлік қас-қағым сәтте көлік 7 адамды қағып кетті. 40 жастағы әйел сол жерде тілге келмей көз жұмған. Ал 49 жастағы ер адам және бес бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: Қайғылы оқиға тап осы жерде болған. Қазір бұл жерді жинастырып ретке келтіріп қойған. Десе де қарда жүретін көліктің бөлшектері әлі жатыр. Жәбірленушілер ауруханада. Оның біреуі 1,5 жаста. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді. Ал 16 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр, ол жаңсақтау бөлімінде жатыр. Ербол ЖАПАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Үш науқас травматология бөлімінде жатыр. Балалардың жалпы жағдайы тұрақты. Диагноздары бас ми жарақатын алған. Толық емді алып жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы жағдайы қыздың ауыр, тұрақты. Жамбасы сынған. Бас ми жарақатын алған. Қарда жүретін көлікті 9-сынып оқушысы тізгіндеген. Көлік жасөспірімнің ағасына тиесілі болып шықты. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеп- тексеру амалдары жүріп жатыр. Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қарда жүретін көлік осы көлікті басқарған баланың туысына тиесілі екені анықталды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментімен ҚР ҚК-тің 345 бабы, үшінші бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізілуде. Ақтөбеде қысқы демалысқа арналған осындай 21 демалыс орны бар. Оларда қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталатыны туралы ақпарат жоқ. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Қарашада ауа райына байланысты бірнеше рекорд тіркелді
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ахмет Байтұрсынұлы ауылына апаратын жол қашан жөнделеді?
Teez: қазақстандық жаңа маркетплейс туралы не білеміз?
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Үш рет аукционға шығарылған Қостанай әуежайы сатылмайтын болды