Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.24 сәуір сағат 01:48 шамасында жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдынан екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар - 31 және 56 жастағы әйелдер. ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.