Ақтөбеде екі мыңға жуық ерікті сын сағатта халыққа көмек қолын созуда

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Еріктілер төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен, әскери құрылымдармен және полицейлермен бірге күндіз-түні жұмыла жұмыс істеп жүр. Ақтөбеде белсенді жастар үйсіз-күйсіз қалғандарды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, көпбалалы отбасыларды уақытша баспанаға орналастыруда. Жангелді Ташқұлов тасқыннан зардап шеккендерді көргенде жүрегім ауырды дейді. Сондықтан бірден әлеуметтік желіге жариялап, қызының екі бөлмелі үйін тасқыннан зардап шеккен көпбалалы отбасыға уақытша тұруға беріпті. Енді ауласындағы шағын үйге де отбасы келіп тұруына босатып қойған. Жангелді ТАШҚҰЛОВ, ТҰРҒЫН: Қаламыз суға кетті. Оның бер жағында ауылдарды естіп,көріп жатырмыз. Содан ананы көріп отырып шыдап отыра алмадым. Қолымыздан келген жәрдем болсын деп халық есін жиып, неткенше кірем деген адам болса кірсін деп ше. Үш баласымен кіріп жатыр, біреуі құндақта. Қала мен облыстың бес ауданында төтенше жағдай жарияланғалы еріктілер дабыл таппай жүр. Солардың бірі -Әлішер Садық. Ол достарымен бірнеше әлеуметтік желіде топтар ашып, көмекті жұмылдыра білген. Олар тәулік бойы байланыста болып, қол көмегінен бастап, арнайы қызметтерге жәрдемдесуде. Камаз жүргізушілері 12 сағат бойы карьерлерден құм тасып, бөгеттер жасаса, жеңіл көліктер халықты эвакуациялауға атсалысқан. Әлішер САДЫҚ, ЕРІКТІ: Осы қаламыздағы әртүрлі автоклуб өкілдері хабарласып, өздері келіп, машиналар жиналып жатқанын айтты. Оның ішінде эстима, альфарт клуб, одан кейін оптима клуб, лада клуб, кобальт клуб мүшелері хабарласып, эвакуаторлар ярмарка алдына жиналып көмекке даяр екенін хабарласып жеткізді. Мен барам, мен барам деп таласып, жақсылық жасауға жарысып жатқанын көруге болады. Жеке кәсіпкерлер мен мейрамханалар күзетте тұрған әскерилер тамақтандыруды ұйымдастырды. Көліктері судан зардап шеккен жандарға тегін техникалық көмек көрсетілді. Ерікті жастар Ойыл, Қобда, Ырғызда тасқыннан зардап шеккендерге екі орталықта гуманитарлық көмек жинап, оларды тік ұшақпен жүк көліктерімен 4 тоннаға жуық көмек жөнелтілген. Әлішер ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ: «Біз біргеміз» қоғамдық қоры қомақты қаражат бөліп, шалғай жолдары су басып кеткен аудан, ауылдарға гуманитарлық көмек жіберу бойынша жұмыстар атқардық. Оның ішінде тамақ, киім-кешек, корпе-төсек, көп ауылдарда свет жоқ. Электргенераторлар мен қайықтар жібердік. Ақтөбе екі мыңға жуық жас аянбай еңбек етуде. Олар халықтың ақ батасымен, шын көңілден айтылған алғысына бөленіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды
Қазнетте ашуға мінген бұланның аңшыға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады
Астанада бірнеше жойғыш ұшақтың ұшқан сәті видеоға түсіп қалды: 24 қараша 2024, 17:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтіп жатыр
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтуде