Ақтөбеде апатты үйден көшірілген тұрғындар баспананың құжаттарын ала алмай отыр. Себебі, жаңа пәтердегі артық шаршы метр үшін олар ақша төлеуі тиіс. Ал тұрғындар оған жағдайымыз келмейді дейді. Пәтерлер 48 тұрғынға Нұрсити мөлтек ауданынан ақпан айының басында берілген.Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмады. Ардақ ҚОЖАҒҰЛОВА, ТҰРҒЫН: Техпаспортты өзіміз жасап береміз сендер тек обмен жасайсыңдар деген. Енді үйдің техпаспортын жасауға келгенде артық квадрат метріне ақша сұрап тұр. Бұл тұрғындардың 2019 жылы Нұрлы жер бағдарламасымен алған үйлері тұруға жарамсыз болып шығып , былтыр апатты жағдайда деп танылды. Жаңа пәтерді соның орнына әкімдік өкілдері берген. Бірақ көпшілігінің баспанасы ескісінен әлде қайда үлкен. Сол айырмашылық үшін әр тұрғын сегіз жүз мыңнан бастап, 1,5 млн теңгеге дейін ақша төлеуі тиіс. Саягүл ЛҰҚПАНОВА, ТҰРҒЫН: Артық 7 кв/метрге 864 мың теңге деді. Мен төлемеймін деп айттым басында кредитке батып отырмын кредит ала алмаймын дедім. Ондай сумма бере алмаймын дедім. Онда сізге документ жоқ деді. Ал әкімдіктегілер тұрғындарға бұл жаңа пәтерлер 2019 жылғы бағамен шаршы метрі 120 мың теңгеден беріліп отырғанын айтады Бюджеттік комиссияда бұл артық шаршы метрді бөліп төлеу мәселелесі мақұлданған. Мадияр ҚАБЫЛ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өздеріңіз білесіздер пәтерлердің аумағында айырмашылықтар бар. Кейбір пәтерлерде 11 кв метр айырмашылық. Ол айырмашылықты үкімет тегін бере алмайды. Және ескі бағдарлама шартымен қалалық бюджетке қаражат төленуі тиіс ол міндетті. Жиырма тоғыз тұрғын бүгінде әкімдіктің талабымен келіскен. Олармен келісім шарт жасалады. Ал артық төлемге келіспегендер жаңа үйдің салынуын күтеді.