Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды

Еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін, сондай-ақ, мас ересектерді көрген. Үйдің астан-кестені шыққан, ішерге тамақ болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Ерікті Екатерина Голотина Zello Poisk командасымен бірге 4 жасар баланы құтқарып қалған. Бірақ олар бұған дейін де бұл отбасына барған. Қазанда Zello Poisk еріктілер тобына осы отбасы туралы алғашқы арыз түскен. Онда кішкентай балалар ішімдікке құмар ата-анасымен бірге тұратыны және оларға қауіп төніп тұрғаны айтылған. "Сол жерге бардық. Жағдай қорқынышты болды. Ата-анасы, атасы мен әжесі мас болып шықты. Олар бізге күрек алып жүгірді. Біз полиция, жедел жәрдем және қамқоршылық органдарын шақырдық. Оларды бірінші рет шақырып тұрмаған екен. 8 айлық және 4 жастағы екі баланы көршісі тамақтандырып тұрған. Балалар арық болды, көздерінің асты көгеріп кеткен, аш болды. Анасы бізге кенжесі қоспа жемейтінін, оны сумен және қантпен тамақтандыратынын айтты. Оның көз алдында балаға қоспа бердік, ал ол бірден іше бастады", - деді Екатерина Голотина.Сол кезде балаларды "Үміт" балалар үйіне алып кеткен, бірақ олар ол жерде ұзақ болған жоқ. Еріктілер кейін көп ұзамай балалар отбасына қайтарылғанын, отбасы мекенжайды айтпай, көшіп кеткенін білген.Ал ақпанда еріктілер кішкентай бала қайтыс болғанын білген. "Осы отбасындағы кішкентай бала қайтыс болғанын білдік. Біз мекенжайды тауып бардық. Көргеніміз қорқынышты болды, екі адам қан жоса күйде үстел басында отырды. Олар төбелескен секілді. Анасының қолы кесілген. Ол бізге кішкентай баланың пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Оның денесі бөлмеде тұрды. Қарны аш үлкен бала жылап жатты. Біз барлық құзыретті органды шақырдық. Вова қайтыс болғаннан кейін де ешкім бұл отбасына назар аудармағаны мені таңғалдырды. Біз жағдайды білмесек, оған араласпасақ, бұдан әрі не болатынын елестету қорқынышты. 4 жасар баланы мына тозақтан алып бара жатқанда, ол інісін оятып, бірге алып кетуді өтінді. Жантүршігерлік жайт. Көлікте бала тамақ беруімізді өтінді. Жүректі ауыртады. Құзыретті органдардың қайда қарап отырғанын, балаларды бұлай қалай қалдыруға болатынын түсінбеймін", - дейді ол.Еріктілер әйелдің баласын жерлеуге уақыты болмағанына қапаланған. "Олардың бәрі мас болды, жерлеу рәсімі келесі күнге ауыстырылды. Бірақ келесі күні ештеңе өзгерген жоқ, қамқор адамдар жерледі. Зиратта ата-анасы болған жоқ",- дейді ол.Балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Мира Нұрғалиеваның айтуынша, 14 қазанда қамқоршылық және қамқоршылық органдарының мамандары полиция бөлімшесімен бірлесіп, "Үміт" балалар үйіне анасының қарауынсыз қалуына байланысты екі кәмелетке толмаған бала орналастырылған. Бірақ балалардың әкесі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды қайтару туралы өтініш жазған. Ал 20 қазанда өтініш қамқоршылар кеңесінде қаралды, құжаттар тексерілді және қамқоршылар кеңесінің шешімімен балалар әкесіне қайтарылған. "25 ақпанда болған оқиғадан кейін №3 полиция бөлімі 2018 жылы туған баланы "Аяла" балаларды қолдау орталығына орналастырды. Кәмелетке толмаған баланың әкесін ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарайды", - деді Мира Нұрғалиева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтар белгілі болды
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады