Ақтөбеде жаппай төбелеске шыққан оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында әлеуметтік желідегі пікірден соң жаппай төбелеске шыққан оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды. Барлығы 13 баланың ата-анасы жазаланды. Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық», «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» баптары бойынша қаралды. «Шалқар қаласындағы көшелердің бірінде бір топ жасөспірім төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзды. Сот отырысында ата-аналар мен олардың кәмелетке толмаған балалары бұзақылық жасағанын толық мойындады. Соттың қаулысымен 14 пен 16 жас аралығындағы 7 жасөспірімнің ата-анасы 25 844 теңге, яғни, 7 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды. 16 жасқа толған 6 жасөспірім ата-анасына 36 920 теңге айыппұл салынды. Оның ішінде бір істе отбасылық жағдайға байланысты айыппұл сомасы 30% төмендетілді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады