Ақтөбеде жеке балабақша тәрбиеленушілерінің үсті-басы көгеріп келген

Ақтөбедегі жеке балабақшалардың бірінен шу шықты. Ата-аналар балаларының үйге үсті-басы көгеріп, түрлі жарақатпен келетінін айтады. Тәрбие орнында мүлдем жағдай жасалмаған дейді. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл -17 қараша күні түсірілген бейнежазба. Ата-аналардың бірі балабақшаға баса көктеп кіріп, осындай адам шошырлық көріністің куәсі болған. Балалар әр жерде еденде, мұздай кафельде ұйықтап жатыр. Сырт киімдері жан-жақта шашылған. Ас ішетін бөлмеде антисанитария. Ата-аналардың айтуынша, бұл аздай, бүлдіршіндер үйге түрлі жарақатпен қайтатын болған. Гүлжайна ЖОЛМАҒАМБЕТОВА, АТА-АНА: Именно өз баламды нұқығаны былай итергені бар. Қызым кроватта жатқанда «жат» дегендей сол қолынан сілкілегені бар. Сол қолы шығып кетсе кім жауап береді. Бұл оқиға «Балапан » тобында болған. Онда 2-3 жасар 21 бала бар. Өткен аптада бірнеше баланың беті, денесі көгеріп келген. Ата-аналар содан кейін ғана күмәндана бастапты. Арайлым ӘБДІҒАППАРОВА, АТА-АНА: Садикке үш күн барды. Төртінші күні басы синяк болып келді. Маған басын соғып алды деп түсіндірді. Енді арқасында екі домалақ жара менің қызым видеода тұр. Бірақ маған камераны көрсеткен жоқ. Мен садиктің жабылғанын қалаймын. Лицензиясын алсын. Апайлар жауапқа тартылсын. Әсел ҚАЙДОЛЛА, АТА-АНА: Ұйықтар алдында киім ауыстырғанда арқасында синякті байқадым. Әрине ұрып-соқты. Бұл құлаған не жарақат алған емес. Бала бақшада бейнебақылау камерасы бар. Бірақ ата-аналар жылаған баланы камера жоқ асханаға бес-алты сағатқа қамап қояды екен дегенді айтады. Жалпы мекеме жетпіс орынға лайықталған. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс істейді. Жұлдыз ӘБІЛХАНОВА, «АМИР» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бізді бәрі закон бойынша тексеріп кетті. Департаменттен полковниктер, милиция келіп, тексеріп кетті. Суретке түсіріп алып кетті. Шешім қорытындысы сол кісілерден аласыздар. Синяктар қайдан пайда болды? Оларды сот арқылы айтамыз. Ата-аналар қалалық білім бөліміне, полицияға, прокуратураға арызданған. Бұл дерек бойынша полиция іс қозғады. Бауыржан ЖҰМАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ №2 ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы факт бойынша ҚР ҚК 140 –бабы 1-бөлігі бойынша «Кәмелекетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде ата-аналардың барлық дәлелдері ескерілетін болады. Арнайы комиссия да құрылды. Балабақшада тексеру жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады