Ақтөбеде жол апатына түскен спортшы оқушылардың аналары шу көтерді

Ақтөбеде жарысқа бара жатып, жол апатына түскен спортшы балалардың аналары шу көтерді. Олар үйден сап-сау кеткен балаларының қазіргі күйіне күйінеді. Жол апатынан ауыр жарақаттанған оқушылардың жағдайын шенділер бес айдан бері бір келіп білмеді деп өкпелі.Спортшылардың бірі аяғынан енді тұрған. Жүруді қайта үйреніп жатыр. Ал бірі басынан жарақатанған. Бірнеше рет күрделі операция жасалыпты. Екеуі де биыл үйден оқыды. Денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындалған. Гүлнұр ӘДІЛГЕРЕЕВА, АТА-АНА: Талақ жыртылуы іштен қан кету және жақ сүйегінің екі жерден сыңуы ек іауыр отадан өтті. Қазіргі кезде осы балалардың денсаулығына жоғарғы жақтан ешқандай қызығушылық болып жатырған жоқ. Балаларымыздың жағдайы жайлап ұмытылып бара жатыр. Бибінұр КӘРІБАЕВА, АТА-АНА: Қазіргі таңда аяғында штифті тұр. Ол қыркүйек айында алынады. Аяғы 2,5 см қырқарды. Енді біздің басшылықтан сұрайтынымыз. Балаларымыз мүгедектікке ұшырады. Басшылардың ешқандай жауапкершілігі жоқ. Еске салайық, былтыр 17 желтоқсанда тоғыз оқушы мен олардың бапкері мінген көлік жол апатына түсті. Бір бала қаза тапты, сегіз бала түрлі жарақат алған. Оның бесеуінің жағдайы ауыр болды. Балаларға осыған дейін бірнеше ота жасалды. Енді ұзақ оңалту шаралары қажет. Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрі қарай жағдайына байланысты тағы да реабилитация біз көрсете аламыз. Облыс көлемінде ол не зат болса да үш айдан кейін или алты айдан кейін алу керек реабилитацияны ала бермейді. Ала бергенде де ол физлечение ол дәрі-дәрмек оның побочный эффекті де бар ғой. Сондықтан біз медициналық көрсеткіштеріне байланысты мұның барлығын қадағалап, бақылап врачтар назначение береді. Облыстағы салаға жауапты шенділер бұл спортшы балалардың жағдайынан хабардар. Олар оқушылар үшін қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр. Айбат ЕРМЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Мәселе бақылауда. Ұмытып кеткен жоқпыз. Өзіміздің басқа да мектептеріміз бар. Облыстағы спортшылар қауымдастығы бар. Соларға үндеу тастап қол ұшын берейік, көмектесейік деп. Қайырымдылық турнирлерін ұйымдастыру сол арқылы түскен азды-көпті қаражаттты балаларға жәрдем ретінде шаралар атқарылып жатыр. Бұл оқиғаға қатысты көлік тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр. Жеті адамдық көлікке он бір адамды тиеген жүргізуші рөлде қалғып кеткен көрінеді.https://youtu.be/AMurNkeUQr0

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті