Ақтөбеде жұмысшылар төрт жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр

Ақтөбеде жұмысшылар төрт жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Олар Қарғалы ауданында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізген. 2018 жылы іргетасын қалап бастаған кешен бүгінде сақалды құрылысқа айналған.Ең алғаш қазығын қаққандар әлі күнге жалақысын күтіп жүр. Компанияның жұмысшыларға бережағы миллион теңгеден асып кеткен. «ФОК-тың құрылысы басталып жатқан тұста жеке жүк көлігіммен кірдім жұмысқа. 2018-2019 жылдар болатын. Жұмысқа қабылдаған Әбілғазы Баянасов айлықты ертең берем, арғыгүні берем дегеніне сеніп, күтіп жүргенде жасым 70-ке келді. Жалақы да жоқ, Әбілғазы да жоқ, не істерімізді білмей жүрміз. Жалғыз мен емес, қаншама адам бар. Менің өзімге компания 1 млн 620 мың теңге қарыз», - дейді мердігер компанияда жұмыс жасаған Асанбай Ахметов. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде құрылысы тоқтап тұрған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, жұмысшылармен кездесті. Облыс басшысымен кездесу барысында тұрғындар ұзақ жылдарға созылған нысанды тезірек аяқтауды сұраса, жұмысшылар өз мұң-мұқтажын айтты. Төрт жыл бойы жиналып қалған жалақы қарыздары 1 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін жеткендер бар екен. Жоба бойынша кешеннің ішінде бассейн де қарастырылған. «Кешеннің құрылысымен айналысқан «БИ-М-72» ЖШС сотқа бердік. Сот арқылы келісімшартты бұзып, құрылысқа бөлінген 150 млн теңгеге қайта байқау жасап, мердігер анықтаймыз. Нысанның құрылысын міндетті түрде бітіреміз», - деді облыс әкімі Асхат Шахаров. Ал Қарғалы ауданы әкімі Асқар Жүсібәлиевтің айтуынша, жалақыға қатысты дауларын айтып жұмысшылар еңбек инспекциясына да, сотқа да жүгінген. Алайда, жұмыс берушімен еңбек келісімшартын жасамаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиада: Екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
«Бақытты болуға лайықты»: әнші Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты
Жітіқарадағы өртте бес баласынан айырылған әйел адам 5 жылға сотталып кетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Жануарға еліктеуге, төрт аяқтап жүруге шариғат тыйым салады - ҚМДБ
Елордада ересектердің қарауынсыз қалған үш бала құтқарылды
Қайрат Нұртастың інілері аяқ-қолын сындырып, гипспен жүргені туралы видео тарады