Ақтөбеде жүзге жуық адам төрт айдан бері жалақы ала алмай жүр

Ақтөбеде жүзге жуық адам төрт айдан бері жалақы ала алмай отыр. Олар Есет батыр мөлтек ауданында мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үш үйдің ішкі әрлеу жұмыстарын істеген. Бірақ құрылысшылардың адал еңбектерінің ақысы әлі күнге дейін өтелмепті. Жалпы қарызы- 135 млн теңге. Қырыққа жуық адам осы үйлердің ішкі әрлеу жұмыстарын істеген. Өздеріне жүктелген шаруаны жаңа жылға дейін бітіріп, тапсырған. Бірақ олармен келісімшарт жасаған мекеме уәдесін орындамай отыр дейді. Ақылбек САҒИДОЛЛАЕВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ: Біздер Ақтөбе сәулеттен жеке кәсіпкер болып ип жұмыс алып договорласып подрядный болып едік. Олар ситиде тоғыз этажды үйлер салып жатыр. Бірнеше бригада ақшасын үш айдан бері ала алмай жүр. Акимат ақшаны Ақтөбе сәулетке аудардық дейді. Олар бізді ойламай ма екен. Бала-шағаны , отбасымызды қалай асыраймыз? Дархан СЕБЕПОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ: Жұмыс істегенде жаба берейік, жаба берейік. Он күн ішінде он бес күнде береміз деді, Солай істетті. Үш айдан бері ақша жоқ. Оңай емес қой. Кредит уақыт тоқтатып тұрмайды. Пения қосылып жатыр. Бұл нысандарда 35-ке жуық бригада жұмыс істеген. Кірпіш қалаушылардан бастап, әрлеушілер,дәнекерлеушілер барлығына мердігер мекеме135 млн теңге көлемінде берешек. Олар облыстық еңбек инспекциясына арызданған. Талғат ИСКАРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Арыз шағым тіркеліп, енді жақын арада тексеріс болып, анықталған жағдайда нұсқама беріліп, айыппұл салып, сосын бүкіл үстемесімен қосы алып беруге әрекет жасаймыз. Мән жайды білу үшін мердігер мекемеге де хабарластық. Олар қаржы жағынан қиындық болып жатқанын жеткізді. Қарлығаш САНСЫЗБАЕВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жаңа жылдан кейін біз ақшаны алдық қой. Материал алдық ана үйлерге. Вы же знаете, как бюджет утверждается потом келеді ақша. Ақша городской маслихаттың сессиясынан кейін, енді мейрамнан кейін болатын шығар деп отырмыз. Уәдеге тойған құрылысшылар айтылған уақытта жалақы төленбесе, прокуратураға арыздануға бел буып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Нариман Құрбанов әскерилерге шеберлік сағатын өткізді
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады