Ақтөбеде қатты аяздан 35 адамды үсік шалған

Ақтөбеде қатты аяздан үсік шалған 35 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің жағдайы- орташа ауыр. Сондай-ақ, үш күнде 52 адам мұзға тайып құлап, дәрігер көмегіне жүгінген. Соңғы тәуліктерде өңірде ауа температурасы күндіз 30-35, түнде 40-41 градус боп тұр. Қаладағы жалғыз жарақатқа жәрдем беру бекеті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Мұнда келіп жатқандардың көбі - қолы мен құлағын үсітіп алған.Абзал ҚАДЫРБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: Көбіне көп саусақтары үсіп келеді. Бізде сол жақ беті үскен. Сосын 2 адам құлақтың ұштары үсіп қалған. Себебі мынадай қатты аязда сырғамен жүрген. Құлақтың ұшы ашық болған соң темір қатты салқындайтын болған соң, құлақтың ұштары үсіп екі адам. Қарағандыда да қол- аяғын үсітіп алғандар көбейді. Аяз күшейгелі соңғы екі аптада 13 адам осындай диагнозбен ауруханаға түскен. Оның 6 –ауына операция жасалған. Бұл науқастардың қол- аяқтарына ауыр зақым келгендіктен дене мүшелерінен айырылуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар әдетте медициналық көмекке тым кеш жүгінетіндіктен үсіктің салдары ауыр болады. Ерік ШОНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Өкінішке қарай, кейде зақымданған қол- аяқ, саусақтарды алып тастауға тура келеді. Өйткені науқастар бізге белгілі бір уақыт өтіп кеткен соң тым кеш 2-3 күннен кейін қатты ауырсыну сезілген соң ғана түсіп жатады. Бұл кезде тек радикальды операция ғана адамға көмектесе алады. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Білім саласында мәселе көп
«Екінші анамыз ғой»: Ұстаздарына тәтті сыйлап қуантқан шәкірттер желідегілерді елжіретті (ВИДЕО)
Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті