Ақтөбеде киік еті сатылымға шығарылды

Ақтөбе қаласындағы «Айбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мен шаруашылық иесі Мәлік Смағұлов келісімге келіп, киік ұшасын сата бастады. Батыс Қазақстан облысынан тасымалданып жатқан киік етінің келісі 1 500 теңге деп бағаланған.Ақтөбе қаласының 41-разъезд аумағында орналасқан «Айбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі киікті сойып береді. Сонымен бірге сатуға арналған орын ұсынып отыр. Ал өзге жұмыстың бәрі аң шаруашылығының иесі Мәлік Смағұловтың еншісінді. Ол киік ату үшін Ақтөбеден Батыс Қазақстан облысына екі бригада апарған. - Өзім кәсіби аңшымын. 40 жылдық тәжірибем бар. Үкімет киік атуға рұқсат берген соң «Охотзоопром» РМҚК хабарласып, жағдайды білдім. Олар да негізгі талаптарды атады. Содан өз қызметкерлерімнен 13 адам, яғни, екі бригада апардым. Біз Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылына бардық. Сол жерде алдымен 825 бас киік атылды. Оны Ақтөбеге әкелгенімізбен, сатуға рұқсат берілмеді. Негізі ет комбинатымен арада келісім болған еді, - деді Мәлік Смағұлов.Еске салсақ, қараша айында Ақтөбеге 800-ден астам киік ұшасы әкелінді. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі мал сою орындары қабылдауға дайын емес деп, кері қайтарғанын хабарлады. Алайда ол киік ұшасы кейін қайтарылмаған, Ақтөбе облысы аумағына көмілген. - Ол кезде екі күн өткен соң рефрижератор, яғни, тоңазытқыш істен шықты. Сөйтіп 50 бас киік бұзылып кетіп, бәрін утилизацияға жіберуге мәжбүр болдық. Қоқыс полигоны қымбат болып, Қобда ауданындағы карьерге көмдік. Содан кейін 351 бас әкелдім. Ол бір күнде өтіп кетті. Бүгінгісі 407 бас. Ол да бір күнде өтеді деп жоспарлап отырмыз. Құны келісіне 1 500 теңге, - деді Мәлік Смағұлов. Оның айтуынша, БҚО-да сағат 19:00-ден таңғы 6:00-ге дейін киік аулауға рұқсат беріледі. Аңшылардың жанында инспекторлар ере жүріп, әр киіктің мүйізін кесіп алады. - Күндіз атуға рұқсат жоқ. Ал түнде соңымызда трактор, ГАЗель жүреді. Атқан киіктер бауыздалады, ішек-қарны алынады. Кейін бір түн салқын жерде ұстап, тоңазытқышқа саламыз. Ондағы температура -19-20 градус. Екі күн сақталады. Себебі 400-500 басты киікті бір күнде аулау мүмкін емес. Бір күнде ет комбинатына әкеліп сойдырамыз. Халықтан сұраныс көп. Бізге 10 желтоқсанға дейін атуға рұқсат беріп тұр, - деді ол.Қазіргі кезде ақтөбеліктер киікті ұшасымен сатып алып жатыр. Әр сатып алушыға жөнелтпе хат беріліп, онда келісі мен құны жазылады. Айта кетейік, шаруашылық киіктің келісіне мемлекетке 315 теңге төлейді. Алғаш атып алған 825 бас киіктің шығыны 5,5 млн теңгеге жуықтаған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Мұртыңды ұрайын...
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді