Ақтөбеде де жаңа жылға аман жеткен жұрт ағайын-туысын құттықтап, кішілер үлкендерге көрісіп барып, мереке кеңінен аталып өтілуде.Ұлттық киім киген кимешекті әжелер Есет батыр мөлтек ауданында екі шақырымға жуық жерді жаяу жүріп өтті. Ән айтып, домбыра тартып тұрғындарды мерекемен құттықтады. Қалада көшелерінде жер-жерде киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағам дайындалды. Әр киіз үйдің жанында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылған. Алаңдағы мерекелік концерттің соңы ұлттық спорт түрлерінен сайыстарға ұласты. {+2 СНХ}Гүлара ШАЛАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Халқыма, еліме жақсылықты тілеймін. Жеріміз қысымыз кетіп, көктем келіп, құлпырып, жайлауға төрт түлік толып, ақ мол болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш, аманшылық тілеймін! Айжан ҚОРҒАНБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Еліміз тыныш, берекелі болсын! Ораза айы құтты болсын! Іргеміз бүтін, отбасымыздың мерекесі көп болғай.