Ақтөбеде көлік инспекциясының қызметкері қызмет атқару кезінде қаза тапты. Ер адамды екі жүк көлігі қағып кеткен. Ер адамды біріншісінің соққысынан қарсы жолаққа лақтырып жіберген, сол жерде екінші жүк көлігі тағы қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, оқиға Ақтөбе - Орынбор тасжолында болған. "Өзбекстан республикасының азаматы Ақтөбе - Орынбор тасжолында келе жатып көлік инспекциясының қызметкерін қағып кеткен. Салдарынан ер адам қарсы жолаққа қарай шығып кеткен, сол жерде екінші жүк көлігі қағып кеткен", - дейді ПД өкілдері.